Әлемдегі ең үлкен сарқырама құрғап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең үлкен сарқырама құрғап қалды

11.12.2019
Әлемдегі ең үлкен сарқырама құрғап қалды

Африкадағы құрғақшылықтың салдарынан Замбези өзеніндегі әйгілі Виктория сарқырамасының ағысы азайып, құрғап қалған. Биыл судың деңгейі қысқа уақыт ішінде рекордтық көрсеткішке дейін төмендеп кеткен. 

Тұрғындар мұны климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр. Бұл аймақтағы туризм саласына да кері әсерін тигізген. Себебі әлемдегі ең үлкен сарқыраманы көруге келетін шетелдіктердің қарасы азайған.

Жылпы, Африкада құрғақшылық салдарынан 45 млн адам зардап шегіп отыр. Су болмағандықтан ондағы егістік алқаптары өнім бермеген. Сондақ-ақ, аймақта электр энергиясы да тапшы. Өйткені елдің басым бөлігі электр қуатын Замбези өзенінде орналасқан СЭС-тен алады.

Сарапшылар климаттың өзгеруі Виктория сарқырамасын мүлдем жойып жібере ме деп алаңдайды. Айта кетейік, Виктория сарқырамасы - әлемдегі ең үлкен сарқырамалар қатарында. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген. Биіктігі 100 метрден, ал ұзындығы бір шақырымнан асады.

kp.ru Фото: REUTERS

Хабарламаларға жазылу