Үндістанда жаңадан қабылданған заңға қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр. Ол бойынша, көршілес Пәкістан, Бангладеш, Ауғанстаннан келген мұсылман емес адамдарға ел азаматтығы берілмек. Биліктің хабарлауынша, бұл – діни себеппен елінен қуылған мигранттарға көмек көрсету мақсатында жасалынатын шара. Алайда, халық даулы заңды мұсылмандарды алалап, оларға әдейі қысым көрсету деп бағалап отыр.
Былтыр Үндістанның Ассам штатында 2 миллионға жуық адам азаматтығын дәлелдей алмай, заңды құқықтарынан айырылған еді. Олардың көбі – елде көп жылдан бері тұрып жатқан мұсылмандар. Сондықтан халық шеттен келгендерге әрі басқа дін өкілдеріне азаматтықтың берілгенін қаламайды. Мұндай әділетсіздікке ашынған жұрт жолдарды бөгеп, көшелерге от қойып, заң жобасын қайта қарастыруды талап етіп жатыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
