Эстонияда пластик қалдықтардан жасалған шырша орнатылды
Эстонияның Виймси қаласында пластик қалдықтардан жасалған шырша орнатылды. Осылайша, қала басшылығы экология мәселесіне көңіл бөліп, ормандарды сақтауға шақырып отыр.
Туынды үшін әйнек жууға арналған сұйықтықтың 5 литрлік құтылары қолданылған. Пластик шыршаның авторы – Тит Суур есімді суретші. Ол бұл құтылардың жақында раритет болатынына сенімді. Себебі, шыны жуатын затты бүгінде жергілікті жанармай станцияларынан көлікке бірден құйып алуға болады. 11 метрлік туынды үшін 2 мыңға жуық осындай құты қолданылған.
Қала тұрғындары бұл бастаманы қуанышпен қабылдады. Олар бұрын-соңды мұндай шырша көрмегенін айтып, идеяны толығымен қолдайтындарын білдірді.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09