Бүгін Францияда ереуіл өтіп жатыр
Бүгін Францияда жұмысшылардың жаппай ереуілі өтіп жатыр.
Халық зейнетақы реформасының жаңа жобасына наразы. Оған сәйкес, азаматтар зейнетке шығу үшін 64 жасқа дейін жұмыс істеуі керек. Ал, зейнетақы мөлшері балдық жүйемен есептелмек. Бұған ашынған халық реформаны «әділетсіз» деп отыр.
Ереуілдер салдарынан қоғамдық көлік тоқтап, теміржол қатынасы мен әуе рейстері де доғарылды. Сонымен қатар, оқу мекемелері мен кәсіпорындар жабылған. Наразылық акциясына полицейлер, дәрігерлер, ұстаздар кәсіподақтары да қосылды. Пошта бөлімшелері де «қара бейсенбіде» жұмыс істеуден бас тартқан. Жалпы бұл күні бүкіл ел аумағы бойынша 250-ге жуық манифестация өтеді деп жоспарланып отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09