Солтүстік Кореяда жаңа қала бой көтерді
Ел билігі оны «Заманауи өркениеттің үлгісі» деп атады.
Самчжийон қаласының салтанатты ашылу рәсіміне Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын қатысты. 4 мың отбасына арналған шаһарда жаңа ғимараттар, қонақүйлер, тау-шаңғы курорты, стадион, мәдени және медициналық орталықтар бар.
Қала құрылысы екі жыл бұрын басталған. Алайда ядролық бағдарлама үшін Пхеньянға салынған санкциялардан жұмыс біраз тұралап қалды. Елдімекен халық арасында қасиетті саналатын Пэктусан тауының баурайында орналасқан. Ресми деректерге сәйкес, сол жерде мемлекет басшысының әкесі Ким Чен Ир дүниеге келген. Сондықтан билік мұндай тарихы бар қаладан үлкен үміт күтіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09