Нұр-Сұлтанда «Altyn Samǵaý-2019» ұлттық спорт жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда «Altyn Samǵaý-2019» ұлттық спорт жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

01.12.2019
Нұр-Сұлтанда «Altyn Samǵaý-2019» ұлттық спорт жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті осымен үшінші жыл өткізіп жатқан «Altyn Samǵaý-2019» спорттық жүлде кешіне ел намысын республикалық және халықаралық бәсекелерде қорғап жүрген спортшылар қатысты.

«Altyn Samǵaý-2019» ұлттық спорттық жүлдесінің жеңімпаздары:

Үздік спорт командасы - Хоккейден Қазақстанның ерлер құрама командасы;

Үздік жас спортшы - Әбілмансұр Батырғалиев (Каратэ);

Ғылыми кешенді топтың үздік маманы - Ирек Сатов (Бокстан ұлттық құраманың дәрігері);

Үздік пара спортшы - Нұрлан Домбай (паратаэквандо);

Үздік пара спорт жаттықтырушы - Жандос Қиянов ( Парадзюдадан ұлттық құрама жаттықтырушысы);

Үздік спорт қауымдастығы - Шайбалы хоккей қауымдастығы;

Үздік спорттық өңір - Қызылорда облысы;

Қазақстан спортының майталманы - Әмин Тұяқов (Жеңіл атлетика);

Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы- Әсет Серікбаев (Еркін күрес);

Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы- Елена Круглыхина (Фристайл);

Жыл жаңалығы - Әлішер Ерғали ( еркін күрес);

Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы- Элизавет Тұрсынбаева ( Мәнерлеп сырғанау);

Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы- Бекзат Нұрдәулет ( Бокс).

Мәдени шара барысында жергілікті жанкүйерлер де назардан тыс қалмады. Отандық олимпиадалық жанкүйерлер командасының қатарына қосылу үшін көрермендер арасында 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға 2 жолдама ойнатылды.

Хабарламаларға жазылу