Елорданың үздік тауарлар көрмесінің өңірлік кезеңі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың үздік тауарлар көрмесінің өңірлік кезеңі өтті

11.07.2022

Елорданың үздік отандық тауар өндірушілері анықталды. Пандемияға байланысты 2 жыл үзілістен кейін «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өткізілді. Іс-шараға қаланың 100-ге жуық кәсіпкері қатысты. Тауарлардың арасында тамақ өнімдерінен бастап, киім-кешек, химиялық заттар, ойыншықтар, сондай-ақ өндірістік жабдықтар бар. Байқау тек Нұр-Сұлтанда ғана емес, елдің барлық облыстарында ұйымдастырылған. Жеңімпаздарды таңдау үшін арнайы комиссия құрылған. Қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша, жүзден жүйрік шыққан 9 кәсіпорын республикалық кезеңге жолдама алады.

Бейсен Жолболдиев, Нұр-Сұлтан қ. кәсіпкерлер палатасының директоры:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бізде 176 мың кәсіпкер болса, бүгінгі таңда олардың үлесі 67 пайызды құрап отыр. Экономикадағы үлесі жылдан-жылға артып келе жатыр.Қазір біз талдау жасап қарасақ, біздерде бүгінгі көрмеге 3 мыңнан астам түрлі тауарлар алып келді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша республикада жеңімпаз болатындай мүмкіндік бар деп ойлаймын.

Жеңімпаздар «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауарлары», «Үздік өндірістік тауарлар» деген үш аталым бойынша марапатталды. Әр номинацияның жеңімпаздары күзде өтетін республикалық Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына жолдама алды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу