Алматыда «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

30.10.2017

Алматыда «Алтын қалам - 2017» әдеби жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды. 6-шы рет ұйымдастырылған байқау биыл «Алаш орда» үкіметінің 100 жылдығына арналды.

Жүлдегерлер тізіміне 9 аталым бойынша қазақ және орыс тілдерінде жазылған 20-дан астам шығарма енген. Ал, түрлі жанрда 1076 шығарма келіп түскен. Еңбектер осы жылғы ақпанның 17-нен 15-қыркүйекке дейін қабылданып, оқырмандар 31-қыркүйекке дейін ұнаған шығармаға дауыс берген. Бір ерекшелігі, биылғы байқауға отандық авторлардан бөлек, бірнеше шетелдің ақын-жазушылары қатысты. Сондай-ақ, қазақтың үздік романына бәйге жарияланып, жеңімпазына 1 млн. теңге табысталды.

Мақсат Қарғабай, «Жылдың үздік прозасы» номинациясының жеңімпазы:

- Менің биыл бірінші қатысуым. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дейді ғой. Көбісі мұндай байқауларға алыс жерден келе бермейді. Мұндағы жас талантардың біріншіден, шығармашылығына қуат береді, шабыт береді. Екіншіден, оны бүкіл республикамыз таниды. Үшіншіден, келесі «Алтын қаламға» мақсат белгілейді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу