Доминиканда туристік автобус апатқа ұшырап, бір адам екі қолынан айырылды
Доминиканның Игуэй қаласының маңында ресейлік туристер мінген автобус апатқа ұшырады. Салдарынан бірнеше адам түрлі жарақат алды, әзірше қайтыс болғандар туралы мәлімет жоқ.
Автобустың ішінде 39 турист (олардың арасында 3-9 жас аралығында балалар бар), гид және жүргізуші болған. Апатқа жүк көлігінің қауіпті маневрі себеп болған. Ол автобустың алдына ойда жоқта шығып кеткен. Сол сәтте қоғамдық көліктің жүргізушісі жүк көлігімен соқтығыспау үшін жедел тежегішті басқан. Нәтижесінде автобус аударылып кеткен.
Anex Tour тур операторы өкілінің айтуынша, апаттың салдарынан 19 адам хал үстінде жатыр. Олар Санто-Доминго клиникасына жіберілген. Сондай-ақ, қатты жарақат алған бір әйел екі қолынан айырылған.
lenta.ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09