Теңізден 149 мигрант құтқарылды
Италияның Лампедуза аралы маңында мигранттар қайығы аударылып, теңізден 7 мәйіт табылды. Жағалау күзеті су көлігінен 149 адамды құтқарып қалған. Босқындардың айтуынша, апаттан 20 шақты адам жоғалған. Оларды іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.
Қазір Италия прокуратурасы «кісі өлімі» және «заңсыз миграциямен айналысу» істері бойынша қылмыстық іс қозғады.
Соңғы уақытта Еуропаға ағылған заңсыз мигранттар саны артып келеді. Көші-қон жөніндегі Халықаралық ұйымның дерегінше, биыл жыл басынан бері Жерорта теңізі арқылы «Қарт құрлыққа» 90 мыңдай босқын барған. Олардың мыңнан астамы жолда мерт болды немесе із-түссіз жоғалып кеткен.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09