Гонконгтағы сайлауда демократтар жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгтағы сайлауда демократтар жеңіске жетті

25.11.2019

Гонконгта аудандық депутаттар кеңестеріне өткен сайлауда демократия жақтастары қытайшыл кандидаттарды ойсырата ұтты. Соңғы мәліметке қарағанда, 18 кеңестің 17-сі оппозициялық үміткерлердің қолына өткен. Дауыс беруге электораттың 71 пайызы немесе 3 миллионға жуық адам қатысты. 

Жалпы алғанда, 452 орынға мың шақты адам таласқан. Сол мандаттардың басым көпшілігі демократтарға бұйырып отыр. 

Кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл нәтиже Гонконгтың Бейжің тағайындаған басшысы Кэрри Лэм үкіметі үшін үлкен сын. 

Айта кетсек, арнайы әкімшілік ауданда маусымнан бері демократияны талап еткен шерулер өтіп, оған миллиондаған адам қатысты.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу