Каталонияда өткен сайлауда сепаратистер жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталонияда өткен сайлауда сепаратистер жеңіске жетті

22.12.2017

Испанияның Каталония автономиясында өткен сайлауда сепаратистік бағыттағы партиялар жеңіске жетті. Бюллетендердің 99 пайызы саналып біткен. Оған сай, Каталонияның Тәуелсіздігін қолдайтын үш партияға жергілікті парламенттегі 135 орынның 70-і, яғни, басым көбі бұйырмақ. Бұған қоса, провинцияның бөлінуін қолдайтын «Азаматтар» партиясы да жетекші орында. Каталон үкіметінің отставкаға кеткен басшысы Карлес Пучдемон сепаратистердің жеңгенін мәлімдеп, оны ешкім де даулай алмайтынын ескертті. Дегенмен, сайлау нәтижесі Испаниядағы саяси дағдарысты реттеуге көмектесетініне күмән басым.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу