Нидерландта дәрігерлер ереуілдетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландта дәрігерлер ереуілдетіп жатыр

21.11.2019

Нидерландтың Гаага және Утрехт қалаларында 150 мыңнан астам медицина маманы ереуілдетіп жатыр. Соның салдарынан 83 аурухана, 32 емхана және 4 оңалту орталығында қызмет тоқтады. Тек жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп тұр. 

Ақ халаттылар жалақыны 5 пайызға көтеріп, жұмыс мөлшерін біраз азайтуды талап етуде. Таяуда 119 денсаулық сақтау мекемесі мен Голландия ауруханалар бірлестігі арасындағы ұжымдық келісімнің мерзімі аяқталған-ды. Сондықтан жаңа шарт жасасуда кәсіподақтар мен жұмыс берушілер ортақ шешімге келе алмай отыр. Медициналық ұйым басшылары дәрігерлердің талаптарын негізсіз деп, қосымша қаражатты тек үстеме жұмыс үшін ғана төлеуге дайын екенін айтты.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу