Эко-белсенділер Еуропарламент ғимаратында наразылық акциясын өткізді
Бельгияда бір топ климат жанашырлары Еуропарламент ғимаратында наразылық акциясын ұйымдастырды. Олар еденге сұлап жатып, экологиялық мәселеге тағы бір мәрте назар аудартуға тырысты.
Бұл акция – желтоқсанның 1-де жаңа құрамдағы Еурокомиссияның қызметіне кірісуіне орай өткізіліп отыр. Эко-белсенділердің айтуынша, ұйым басшысы Урсула фон дер Ляйеннің қоршаған орта жөніндегі бағдарламалары көңілге сенім ұялатпайды. Және де ол аз қаржыландырылған. Сондықтан жастар еуропалық басшылардың жаһандық климат проблемасына жіті көңіл бөлуін талап етіп жатыр.
Айта кетсек, дүйсенбіде Еуропалық Одақ пен Еуропарламент 2020 жылға арналған бюджетті бекітті. Оның 21 пайызы климаттың өзгеруімен күреске жұмсалмақ.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09