Адам ағзасын заңсыз трансплантациялаған дәрігер қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам ағзасын заңсыз трансплантациялаған дәрігер қамалды

20.11.2019
Адам ағзасын заңсыз трансплантациялаған дәрігер қамалды

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбай адам ағзасын заңсыз трансплантациялағаны үшін ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Дәрігерге Қылмыстық кодекстің 264-бабы 2-тармағында (трансұлттық қылмыстық топқа қатысу) және 116-бабы 3-тармағында (адам ағзасын заңсыз алу) көзделген қылмыстық құқықбұзушылыққа жол берді деген айып тағылып отыр. 

«Сотқа дейінгі тергеу барысында 2017-2018 жылдары Қазақстан аумағында адам органдарын трансплантациялау саласында тұрақты қылмыстық топ жұмыс істегені анықталды. Донорлар ретінде ауыр материалдық жағдайға байланысты өз бүйрегін мәжбүрлі сатқан Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары болған, ал реципиенттер алыс шетелдердің, негізінен Израильдің қамтамасыз етілген азаматтары болды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, тергеу кезінде А. Донбайдың адам органдарын сатып алу-сатуға заңнамалық тыйым салғанына қарамастан, ірі ақшалай сыйақыға заңсыз бүйректі алу және ауыстырып салу операцияларын жүргізгені анықталды.

Бұдан бұрын дәрігер-трансплантолог Құттымұратов пен қылмыстық топ мүшелерінің бірі - Қырғызстан азаматы Б. Т. Тайсалова ұсталып, қамауға алынған еді.

Хабарламаларға жазылу