Гонконгта шерушілер жаяу жүргіншілер көпірін өртеп жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгта шерушілер жаяу жүргіншілер көпірін өртеп жіберді

18.11.2019
Гонконгта шерушілер жаяу жүргіншілер көпірін өртеп жіберді

Гонконгта жүздеген жас тағы да шеруге шықты. Бұл жолы наразылық акциясы Коулундағы политехникалық университет жанында болды. Шерудің соңы полициямен қақтығысқа ұласып, студенттер университетті метро станциясымен жалғап тұрған жаяу жүргіншілер көпірін өртеп жіберді. Сондай-ақ жолдарды жапты, деп хабарлайды ria.ru.

Бұл оқиғадан кейін полиция өкілі Луис Лау шерушілерге видеоүндеу жолдады. Ол видеода полицейлерге қатысты зорлық-зомбылық тоқтатылмаса, тәртіп сақшылары наразы топқа шын оқ ататынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Гонконгта шерулер қылмысты деп танылған адамды Қытайға экстрадициялау туралы заңға қарсылық ретінде маусымда басталды. Бірақ ол құжат күн тәртібінен алынып тасталса да, тұрғындар өздерінің демократиялық құқықтарын кеңейтуді талап етіп, билікке қарсы акцияны жалғастырып жатыр. Осы уақытқа дейін шеру салдарынан 3,6 мың адам тұтқындалды, арасында 12 жастағы жеткіншектер де бар. 1,5 адам әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Сондай-ақ 400-ден астам полицей жараланды.

Фото: scmp.com

Хабарламаларға жазылу