Қазақстан мен Въетнам парламентаралық серіктестігін одан әрі нығайтады
Қазақстан мен Въетнам парламентаралық серіктестігін одан әрі нығайта түседі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Социалистік Республикаға ресми сапары кезінде осындай келісім орнады. Мәжіліс спикері Въетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен кездесті. Қос тарап парламенттердің заңнамалық жұмысын үйлестірудегі жаңашылдықтар бойынша тәжірибе алмасу қажеттігін алға тартты. Жалпы Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен еркін сауда аймағын құрған Вьетнаммен байланыс арта түспек. Тауар айналымы былтыр жарты миллиард долларға жетіп жығылды. Вьетнам бізден металл, бидай импорттаса, Қазақстанға жеңіл және тамақ өнеркәсібі өнімдерін экспорттайды.
Оңғар АЛЫПАСБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада жас сайлаушылар клубы форум өткізуде
24.04.2026, 17:27
Теміртауда 170 шақырым жылу желісі жаңартылды
24.04.2026, 17:25
Алматыда көлік салығын төлемегендердің қарызы ₸7 миллиардтан асқан
24.04.2026, 17:22
Мектепте смартфон ұстауға тыйым салынды
24.04.2026, 17:20
Еңбек құқықтарының сақталуын қадағалау күшейтілді
24.04.2026, 17:18
Алматы тау кластерін жеделдету тапсырылды
24.04.2026, 17:15
Ипотека шарттары өзгереді
24.04.2026, 17:10
Базалық мөлшерлеме 18 пайыз қалпында қалды
24.04.2026, 17:07