Кәсібінің нәсібін көрген Фадиндер отбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсібінің нәсібін көрген Фадиндер отбасы

15.11.2019

Теріскейлік Ирина Фадина өзінің еңбекқорлығымен жерлестеріне үлгі болып жүр. Былтыр мемлекеттің қолдауымен несие алып, мал шаруашылығына бет бұрды. Өзі ғана емес, балаларын да еңбекке баулиды. Бұған қоса ата-ана қамқорлығынсыз қалған 5 сәбиді бауырына басып, аналық мейірімін төгіп жүр. 

Фадиндер отбасы жуырда дүкен ашпақ. Өздері жасаған ет-сүт өнімдерін сатуды жоспарлап отыр. Осылайша бірлігі бекем отбасы кәсіптерін кеңейтіп, тұрмыстарын жақсартуды жоспарлайды.  

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу