14 наурызда Алматыда Брайан Трейсидің семинары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

14 наурызда Алматыда Брайан Трейсидің семинары өтті

15.03.2017
14 наурызда Алматыда Брайан Трейсидің семинары өтті

Алматыда әлемге танымал америкалық спикер, сауда, бизнес және өзін-өзі дамыту тақырыптары бойынша 70-тен астам кітаптың авторы Брайан Трейсидің «Дағдарысқа қарсы ойлау және бизнестегі жаңа мүмкіндіктер» атты семинары өтті. Аталмыш шараның басты ақпараттық демеушісі – «Қазақстан» РТРК» АҚ.

Брайан Трейсидің семинары - кәсібінің қарқынды дамуын қалайтын және нәсібін арттырғысы келетін бизнесмендер мен жетекшілерге таптырмас мүмкіндік. Шараға бизнестегі мықтылар, компанияның беткеұстарлары, топ-менеджерлер, жетекшілер мен басқарушылар ғана емес, сондай-ақ, кәсібін енді бастағандар да қатысты.

Айта кету керек, семинардың негізі  компания жетекшісіне дағдарыстан шығынсыз өтіп,  пайда әкелуге мүмкіндік беретін «дағдарысқа қарсы модель»  тақырыбына арналды.  Шара барысында Брайан Трейси қатысушыларға дағдарыс жағдайында өзі мен команданы басқарудың, сауданың көлемін арттырудың, бизнесті даму жолына түсірудің тиімді жолдарымен бөлісті.

Хабарламаларға жазылу