Шығыс Қазақстанда мақсары өсіріп, өнім алып отырған отбасы бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда мақсары өсіріп, өнім алып отырған отбасы бар

21.09.2017

Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында Үндістан, Эфиопия, Иран сынды ыстық жерлерде өсетін мақсары өсімдігін баптап, өнім алып отырған отбасы тұрады. Дәнінен май, гүлінен бояу алынатын майлы дақыл қазір 4 гектар алқапты алып жатыр. Мұнымен қоса, кәсібінің нәсібін көрген еңбеккерлер жүзім мен алманың бірнеше сұрпын өсіреді. Тіпті, апорт алмасының тұқымын Алматыдан алдырып, баптауда. Бір қызығы, осыншалықты қыруар жұмыстың басым бөлігін техникасыз тындырады.

 

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу