Мұғалімдерді қолдау үшін 5 триллион теңгеден астам қаржы бөлінбек
Мұғалімдерді қолдау үшін 5 триллион теңгеден астам қаржы бөлінбек. Бүгін «Nur Otan» партиясының құқықтық кеңес мүшелері педагог мәртебесін заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесін талқылады.
Жиында Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тәуелсіздік жылдары Елбасының бастамасымен 2000-ға жуық жаңа мектеп, 900 балабақша ашылғанын атап өтті. Апатты жағдайдағы мектептер саны соңғы 5 жылда 4 есеге азайған. Мұғалімдердің жалақысы 1997 жылдан бері 17 есеге өскен.
Елбасының тапсырмасымен «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы әзірленді. Өйткені, жыл сайын дипломды мамандардың саны артқанымен, педагогтарға деген сұраныс көп. Педагогтардың 35 пайызы басқа салаға кетіп қалады. «Сол себепті, білікті мұғалімдерді мектептерге, әсіресе, ауылдық жерлерге тарту механизмін жетілдіру керек»,-дейді мамандар.
Амангелді СЕЙТХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47