Шымкенттегі заңсыз құрылыс нысандары бұзылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі заңсыз құрылыс нысандары бұзылады

12.11.2019

Шымкент қаласында заңсыз құрылысқа тыйым болмай тұр. Соңғы екі жылда шаһарда жаңадан 1100 нысан тұрғызылған. Соның 600-ден астамы ешқандай жобалау құжатынсыз, сәулеттік жоспарсыз және техникалық сараптамасыз салынған. Осындай рұқсатнама құжаттары жоқ бола тұра, оларды әділет огандары тіркеуге алған. Олардың қатарында ірі сауда орындары мен тойханалар да бар. 

Мәселен, бас жоспарда гүлзар деп көрсетілген жерге коммерциялық нысандар салынып кеткен. Сорақысы сол - ешқандай рұқсаты жоқ ғимараттарға қожайындары әлдеқашан техникалық құжат рәсімдеп үлгерген. Бірақ қандай жолмен? Ол жағы дүдәмал. 

Сәулет және қала құрылысы басқармасы заңсыз салынған ғимараттардың әділет органдардағы тіркеуін бұзып, техникалық сараптама тағайындауды талап етіп отыр. Ал талапқа сай келмеген нысандар бұзылады. Бүгінге дейін осындай төрт қабатты нысан сот шешімімен бұзылған. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу