Қазақстан мен Ресей президенттері Омбыда бір-біріне сыйлық жасады
Ресми диалог бейресми байланыспен бекітілді. Қазақстан мен Ресей президенттері Омбыдағы ынтымақтастық форумынан соң бір-біріне сыйлық жасады. Қазақ басшысы ресейлік әріптесіне халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай шығарылған Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын тарту етті. Ал Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат табыстады.
Қазақ басшысына деген ерекше құрметті Владимир Путин әуежайда тағы бір мәрте көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаевты ұшағына дейін өзі шығарып салды. Бұл ишараттан қос ел басшылары әріптестікті әртүрлі деңгейде одан әрі нығайтуға мүдделі екенін аңғаруға болады.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жылыойға баратын туристер саны артып келеді
09.11.2026, 20:29
Ортақ жауапкершілік тұрақтылыққа жетелейді
09.11.2026, 20:27
Маңғыстауда ірі құрылыс жобалары жүзеге асады
09.11.2026, 20:21
Қажырлы еңбек табысқа жетелейді
09.11.2026, 20:10
Білім саласының дамуы білікті мамандар даярлауға септігін тигізді
09.11.2026, 20:10
Алматы тұрғындары ел жетістігіне оң баға берді
09.11.2026, 17:27
Аlatau city: Қаланың 30 жылдық даму жоспары әзірленді
09.11.2026, 17:25
Алматыда «Ұлы Әмір және Донна Мария» көркем фильмін ұсынды
09.11.2026, 17:22