Ұлыбританияда жүк көлігінен тағы 15 адам табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда жүк көлігінен тағы 15 адам табылды

08.11.2019

Олар Оңтүстік Англияның Чиппенхэм қаласының маңындағы автомагистальда қолға түсіп, қамауға алынды. 

16 мен 30 жас аралығындағы ер адамдар корольдік аумағына заңсыз енді деген күдік бар. Тұтқындалғандардың қайдан келгені әзірге белгісіз. Оларды Британияға кіргізген 50-лер шамасындағы жүргізуші – ирландиялық. Ол да қамалды. 

Айта кетсек, жақында бұл мемлекетте тоңазытқыш машинадан 39 вьетнамдықтың мәйіті шықты. Олардың барлығының аты-жөндері бейсенбі күні анықталды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу