Австрияның шығысында жүк көлігінен 70-тен астам мингранттың денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австрияның шығысында жүк көлігінен 70-тен астам мингранттың денесі табылды

28.08.2015
Австрияның шығысында жүк көлігінен 70-тен астам мингранттың денесі табылды

Австрияның шығысында көшеге тастап кеткен жүк көлігінен 70-тен астам адам денелері табылды, деп хабарлады Австрияның Ішкі істер министрлігі.
 
Билік өкілдері олар мигрантар болған деп есептейді. Бұған дейін Австрия полициясы көлікте 50 адамның мүрдесі болуы мүмкін. деген болатын. Алайда, олар нақты цифрларды айтқан жоқ.

Жүк көлігі 27- тамыз күні Венаға апаратын жолдың бойында Парнсдорф маңында табылған. 

Алдын ала тексерілген кезде мигранттардың біраз уақыттан бері өлі жатқандығы анықталған, өйткені, өлі денелердің бірнешеуі иістене бастаған.

Австрияның Ішкі істер министрі Йоханна Микль-Ляйтнер бұл күнді «қаралы күн» деп жариялады және мерт болғандардың туыстарының қайғыларына ортақ екендігін жеткізді. 

Ал, Австрияның Сыртқы істер министрі Себастьян Курц Би-Би-Си-ге берген сұхбатында  Еуроодақтың мигранттарды қабылдаудағы шешуші баптары дұрыс жұмыс істемейтіндігін айтты.  

Тек өткен айдың өзінде ғана ЕО шекараларына рекордтық 107,5 мың адам көлеміндегі мигрант келген. Сәрсенбі күні Сербия полициясы шекарадан 3 мыңнан астам мигрантты көрген, деп хабарлайды Би-би-сидің ресейлік өкілдігі.   

 

Хабарламаларға жазылу