Ұлыбританияда жүк көлігінен 39 адамның мүрдесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда жүк көлігінен 39 адамның мүрдесі табылды

23.10.2019

Ұлыбританияның Эссекс графтығында полиция жүк көлігінен 39 мәйітті анықтады. Олардың біреуі жасөспірім, қалғандары ересектер. Машина ел астанасы Лондоннан шамамен 30 шақырым жердегі өнеркәсіптік паркте тұрған. 

Құқық қорғаушылардың болжамынша, жүк көлігі Болгариядан шығып, елге сенбі күні шекарадағы Холихэд қаласы арқылы жетсе керек. Оқиға бойынша 25 жастағы жүргізуші – Солтүстік Ирландия тумасы тұтқындалды. Қазір қылмыстық іске қатысты тергеу басталып, мәйіттерді тану процесі жүргізіліп жатыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу