Шымкент қаласында өнерлі балалардың «Шеберлер қаласы: ата-баба мұрасын сақтаймыз және жалғастырамыз» атты шығармашылық көрмесі өтті. Оған еліміздің түрлі аймағынан 112 оқушы қатысты. Олар көрмеде өздері жасаған қолөнер бұйымдарын, сәндік-қолданбалы заттарын көрсетті.
Бала қиялымен ұштасып жатқан туындылар асқан ыждаһаттылықпен, бар ынта-ықаласпен жасалғандықтан, айрықша өрнегімен көз тартады. Кестелі бейнелер, моншақты өрнектермен әдіптелген. Сондай-ақ туған жер, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілікті бейнелеген қолөнер бұйымдарын да кездестіруге болады. Олардың көпшілігі табиғи материалдардан, мата мен жүннен, ағаштан, зергерлік заттар жасалған.
Орал Сеңкібаева, Білім және ғылым министрлігі Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бөлім басшысы:
Шараның негізгі мақсаты - көркемдік, сәндік, қолданбалы шығармашылықты дамытуға ықпал жасау, көмектесу. Ойын түрінде балалардың өз шығармашылық қабілетін көрсете білуге үйрету.
Ғани Қалмаханов