Иракта наразылық акциялары жалғасып жатыр
Ирак астанасы Бағдад орталығында демонстранттар бөгет тұрғызып, көше қозғалысын шектеді. Осылайша билікке қарсы наразылық акциялары екінші айға ұласып отыр.
Соңғы күндері шерулер тіптен күшейген. Манифестанттар полициямен қақтығысып, оның соңы жаппай тәртіпсіздіктерге әкелуде.
Иракта экономикалық тұрақсыздық, жемқорлық, жұмыссыздықтан әбден шаршаған жұрт қазанның 1-нен бастап шерулетіп жатыр. Сол уақыттан бері қақтығыстардан 250-ден астам адам қаза тауып, екі жарым мыңдайы тұтқындалған. Олардың 500-і әлі де түрмеде отыр.
Ел премьер-министрі Әдел Әбдул-Махди реформа жүргізіп, үкіметті таратуға уәде берген. Алайда, бұған иланбаған жұрт үкімет басшысының өзінен қызметтен кетуді талап етіп жатыр.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09