Пәкістандағы пойыз өртінен қаза тапқандар саны 74-ке жетті
Пәкістанда өртенген пойыз құрбандарының саны 74-ке жетті. Тағы 40 шақты жолаушының денесін күйік шалып, ауруханада жатыр. Қайғылы жағдайға байланысты ел премьер-министрі Имран Хан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.
Айта кетсек, кеше Карачи қаласынан Равалпиндиге бағыт алған теміржол көлігінен өрт шығып, 3 вагон түгелдей жанып кетті. Оған тамақ пісіруге арналған газ баллонның атылуы себепші.
Биліктің айтуынша, пойызда тағам әзірлеу бұрыннан бар проблема. Оған қатаң тыйым салынғанымен, ұзаққа сапар шегетін жолаушылар үшін бұл заң тосқауыл емес. Сонымен қатар вагондардың әбден ескіріп, жөнделмеуі салдарынан да елде пойыз апаттары жиі болып тұрады.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09