Вице-премьер Бердібек Сапарбаев Моңғолиялық әріптесіне Алтын Орданы әлемге таныту үшін ат салысуға шақырды. «Себебі негізгі тарих, негізгі құндылықтар сіздің мемлекетіңізде»,- деген болатын. Бұдан бөлек, Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы ел ретінде кіруге ұсыныс жасады. Кездесуде еліміз Жошы ханның 750 жылдығын кең көлемде атап өтуге бел шешіп кірісіп кеткендігі айтылды. Түркі халықтарының ғалымдарымен бірлесіп тарихи қолжазбалар зерттеліп жатыр. Сондай-ақ қазба жұмыстарымен айналысуға ден қойылған. Енді туристер базасын ашу көзделіп отыр. Бұл шет ел азаматтарын тартудың ұтымды жолы. Бірақ Шыңғыс хан және оның ұрпақтарына қойылған ескерткіш жоқ. Тек Жошы хан мазарынан басқа. Сол себепті инфрақұрылым мәселесін шешуге қаражаты бөлініп қойған. Тағы орталық көшелерге ұлы тұлғалардың есімін беру де күн тәртібінде тұр.
Энхтувшин Улзийсайхан, Моңғолия үкіметі премьер-министрінің орынбасары:
Саяси да, басқа да байланыстарымыз артып отыр. Біз осы Халықаралық Түркі академиясымен ынтымақтаса қызмет етсек үлкен нәтижеге жетеміз деп сенемін. Жалпы соңғы кезде тарихты зерттеу қарқынды дамып келеді. 1990 жылға дейін Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары туралы ізденуге мүлде тиым салынды. Бірақ қазір еліміздің тарихшылары Орталық Азия мамандарымен бірлесе еңбек етіп жатыр. Біз қолдауға дайынбыз.
Нысаналы ЫҒЫЛ