ШҚО диқандары өнімдерін шетелге экспорттап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО диқандары өнімдерін шетелге экспорттап жатыр

30.10.2019

Шығыс Қазақстандағы Үржар ауданының диқандары дәнді дақылдарды экспорттап жатыр. Шаруалар соңғы жылдары Қытайға шемішке, рапс пен сояны саудалап мол пайда табуда. Ал биылдан бастап алғаш рет Өзбекстанға жүгері экспортын бастады. 

Осыған дейін аудан диқандары дақылдың бұл түрін мүлдем егіп көрмеген. Ауданда 181 мың егістік алқап болса, биыл соның 3 мың гектардан астамына жүгері салынды. «Түсім мол», - дейді диқандар. Оның түгелі ала шапанды ағайынға жөнелтіледі. Келер жылдан бастап пайдасы мол өнім түрінің көлемін шаруалар ұлғайта түсуді жоспарланып отыр.

Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

Биыл 3353 гектар жерге ексек, әрі қарай оны 4 мыңға ұлғайту жоспаржа бар. Сұраныс жақсы.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу