Бельгияда шаруалар шығынға батып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда шаруалар шығынға батып жатыр

30.04.2020

Коронавирустың кесірінен Бельгияда да шаруалар шығынға батып жатыр. Әсіресе, елдегі картоп өсірушілердің жағдайы қиын. Шекаралар мен мейрамханалар жабылғалы шаруалар өнімдерін өткізе алмай дал. «Картоптарымыз шіріп жатыр»,-деген диқандар үкіметтен көмек сұрауда.

Осы уақытқа дейін бельгиялық шаруалар 160 мемлекетке жылына 2,3 миллион тонна, яғни картоптың 90 пайызын экспорттап келген. Індеттің кесірінен шекаралар жабылып, сауда сап тыйылды. Қазір елде 1 миллион тонна картоп өтпей тұр.

Кейбір шаруалар өнімдерін Қызыл крест сынды қайырымдылық ұйымдарына тегін таратып жатыр.

Қалыпты өмірге көшу жоспары бойынша дәмхана, мейрамханалар 8 маусымнан бастап ашылуы мүмкін. Дегенмен, үш ай бойы кірістен қағылған қоғамдық тамақтану орындарының өзі қазір үкіметтің қолдауына зәру. Сондықтан коронадағдарыстан зардап шеккен шаруалар мен кәсіпкерлердің проблемасы Еуропалық Одақ деңгейінде шешілуі тиіс екенін айтады сарапшылар.

Нұрсұлу ҚАСЫМ


Хабарламаларға жазылу