Түркістан облысының диқандары алғашқы өнімдерін жинап үлгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының диқандары алғашқы өнімдерін жинап үлгерді

18.04.2019

Еліміздің өзге аймақтарында шаруалар көктемгі егіске енді қамданып жатса, Түркістан облысының диқандары қырыққабаттың алғашқы өнімін жинауға кірісті. Биыл олар 900 гектардан астам жерге көкөністің осы түрін еккен. Қыс түспей жатып егілген қырыққабат қазір толық пісті. Жиналған өнімнің алғашқы легі Ресейге жөнелтілді.

Қырыққабат еккен диқандар үшін биыл берекелі жыл болғалы тұр. Әр гектардан 30-35 центнерге дейін өнім жиналуда. Бағасы да жаман емес. Алғашында килограмын 210 теңгеден саудалады. Көкөніс саудасымен айналысатындар егістіктің басынан өнімді өздері келіп, жинап жатыр.

Қырықабатты жиып алған соң жетісайлық шаруалар оның орнына екінші қайтара мақта шитін сеппек. Жалпы, аудан бойынша биыл 9 мың гектар жерге ерте пісетін қауын-қарбыз егілді. Одан бөлек, 3,5 мың гектарға көкөніс отырғызылған.

Арап Рәтов, шаруа:

- 80 мың көшет еккенбіз 3 гектарға. Бағасы жаман емес. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу