Қазақстандық зауыт өнімінің 40 %-ын шетелге экспорттап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық зауыт өнімінің 40 %-ын шетелге экспорттап жатыр

10.01.2020

Қазақстандағы жалғыз трансформатор шығаратын зауыт өнімінің 40 %-ын шет мемлекеттерге экспорттап жатыр. Сондай-ақ,ел экономикасының барлық саласын: электр энергетика, мұнай-газ, машина жасау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын 85 пайыз өніммен қамтып отыр. Кентаудағы өндіріс орнында 1250 адам 3 ауысыммен жұмыс істейді. Жаңа технологиялар да енгізілуде. Айталық,1 млрд теңгеге екі робот сатып алынған. Олар бір мезгілде 100 адамның жұмысын істейді. Маман дайындауға да айрықша көңіл бөлінген. Мәселен, қазақ-түрік университетінің инженерлік факультеті осы зауыт жанына көшірілді. Оларға материалдық - техникалық базасын жасақтап, екі зертхана ашып берді. 

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу