Иракта маска таққан адам демонстранттарға оқ атып, 18 адамды мерт қылды
Ирактың Кербала қаласындағы наразылық акциясында полиция демонстранттарға оқ атып, 18 адам мерт болды. Тағы 865-і жараланған. Олардың ішінде тәртіп сақшылары да бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл жағдайды тергеуге шақырып отыр. Билікке қарсы шерулер елдің бірнеше қаласына тарады. Олардың ең ірісі мемлекет астанасы Бағдадта өтіп жатыр. Қақтығыстар өршіп, жағдай ушыққан соң, билік коменданттық сағат жариялаған. Дегенмен, бұл ашынған халықты тоқтатар емес. Тұрғындар премьер-министр Әділ Абдул-Махдидің саясатына наразы. Иракта наразылық акциялары қазанның басынан бері өтіп жатыр. Сол уақыттан бүгінге дейін қақтығыстардан 250-ден астам адам қаза тапты.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09