Вице-премьер Бердібек Сапарбаев тұрғындармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев тұрғындармен кездесті

24.10.2019

Алдағы үш жылда қазына қаржысының 47 пайызы әлеуметтік салаға бағытталады. Оның ішінде тек атаулы әлеуметтік көмек үшін биыл 250 миллард теңге қаржы жұмсалған. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Шымкент қаласы жұртшылығымен кездесуінде айтты. Вице-премьер Президент Жолдауын іске асыру жолдарын көпшілікке түсіндіріп берді. Әсіресе халықтың үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастырудағы атқарылып жатқан жұмыстарға айырықша тоқталды. Үкімет 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде. Сондай-ақ еліміздегі дарынды балаларды оқытуға барынша жағдай жасау үшін «Ел үміті» жобасы іске аспақ. Жоба аясында ауыл-аймақтарда дарынды балаларға арналған оқу орындары салынады. Бердібек Сапарбаев «Мұғалім мәртебесі» туралы заң жобасы және медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру жайын да түсіндіріп өтті.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Дәрі-дәрмекке мемлекеттік реттеуді енгізу жөнінен берілген тапсырма биылдан басталады. Қазір тиісті мамандар дәріханаларды тексеріп, бағаны заңсыз өсуіне жол бермеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ


Хабарламаларға жазылу