Чилиде қақтығыстардан 15 адам қаза тапты
Чилиде демонстранттар мен полиция арасындағы қақтығыстар өршіп, қаза тапқандар саны 15-ке жетті. Бірнеше күнге созылған наразылық акциясында 6 мыңнан астам адам тұтқындалған. Елде жарияланған төтенше жағдай мен коменданттық сағатқа қарамастан, мыңдаған адам әлі шерулетіп жатыр.
Бұл жағдай қоғамдық көлік жолақысының өсуінен басталды. Бейбіт шерулердің соңы қақтығысқа ұласып, жаппай тәртіпсіздіктер өршуде. Халық әлеуметтік жағдайдың төмендігі мен қоғамдық теңсіздікке наразы. Олар биліктен бағаны төмендетіп, жалақы мен зейнетақыны арттыруды талап етіп отыр.
Жағдайдың ушығуына байланысты ел президенті Себастьян Пинера әлеуметтік реформа қабылдайтынын айтқан. Дегенмен биліктің уәделері әбден ашынған халықты тоқтатар емес.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09