Гонконг билігі экстрадиция туралы заңның күшін жойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконг билігі экстрадиция туралы заңның күшін жойды

23.10.2019

Гонконгта 5 айға жуық халықтың шерулетуіне түрткі болған экстрадиция туралы заңның күші ресми түрде жойылды. Бұл процесс қазанның 16-ында өтуі тиіс еді. Дегенмен қақтығыстардың өршуіне байланысты заңнамашылар отырысы кейінге қалдырылды.

Аталған заңға өзгерістер енгізуге қатысты наразылық акциялары маусымда басталған. Гонконг басшылығы 3 ай бойы демонстранттардың талаптарын орындаудан бас тартып келді. Алайда миллиондаған адам шерулетіп, әкімшілік лидері Кэрри Ламның қызметтен кетуін талап ете бастаған соң, заңды доғаруға тура келген. Бұған да көңілі толмаған халық аталған шешімді тым кеш қабылданды деп, Гонконг тәуелсіздігін талап етті. Financial Times газетінің хабарлауынша, енді Қытай билігі бұл оқиғалардан кейін Кэрри Ламды қызметтен босатуды ойластыра бастаған.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу