Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына бірқатар тапсырма берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына бірқатар тапсырма берді

22.10.2019

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына бірқатар тапсырма берді. Президент Әкімшілігі басшылығы, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі басшыларының қатысуымен өткен жиында еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық қазақстандықтардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты күшейтудің айрықша маңыздылығын атап өтті. Президент ұлттық заңнамаларды түсіндіру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жандандыру қажет екенін ескертті.   

Хабарламаларға жазылу