Чилидегі қақтығыстардан 8 адам қаза тапты
Чилиде жүздеген мың адам бірнеше күннен бері наразылық акцияларына шығып, оның соңы қақтығыстарға ұласты. Соның салдарынан 8 адам қаза тапты. Шерулер қоғамдық көлік жолақысының өсуіне байланысты бейбіт басталған. Енді халық денсаулық сақтау, білім жүйесіндегі бағаны төмендетіп, зейнетақыны арттыруды талап етіп жатыр.
Демонстранттар полициямен қақтығыстан кейін, сауда үйлерін өртеп, көшелерді бөгеді. Қараусыз қалған дүкендерден заттар тоналып жатыр. Жаппай тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін полиция су атқыштар мен көз жасаурататын газ қолдануға мәжбүр.
Қазір наразылық акциялары ел астанасы Сантьягомен қатар, тағы бірнеше қалада өтуде. Жағдайдың ушығуына байланысты билік елде төтенше жағдай жариялады.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09