Австралияда биліктің сөз бостандығына шектеу қоюына наразы газеттер бірінші бетін қара бояумен шығарды
Австралияда ірі газет басылымдары дүйсенбіде сөздері қарамен боялған бірдей мақала жариялады. Осылайша, өзара бәсекелес бұқаралық ақпарат құралдары бірігіп, биліктің баспасөз еркіндігін шектеуіне наразылық білдіріп жатыр.
Австралия конституциясында сөз еркіндігі туралы ереже жазылмаған. Дегенмен журналистердің айтуынша, 2001 жылдан бері бұқаралық ақпарат құралдарына қатысы бар қауіпсіздік тұрғысында 70-тен астам заң қабылданған. Ал 2018 жылы мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң күшіне енді. Осыдан кейін, бірқатар телекомпаниялар мен журналистердің үйлерінде тінту жүргізілген. Бұған ашуланған БАҚ өкілдері биліктен шындықты жасырмай, сөз еркіндігін шектемеуді талап етіп отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09