Сіргелі Тілеуке батырға ескерткіш орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сіргелі Тілеуке батырға ескерткіш орнатылды

21.10.2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлтымыздың тағы бір мақтаныш етер тұлғасы тұғырға қонды. Түркістан облысындағы Шымкент пен Түркістан аралығын жалғайтын күре жолдың бойына Сіргелі Тілеукенің ескерткіші онатылды. Биікті 15 метр болатын белгіде батырдың бес қаруын асынып, жауға қарсы атой салып салып тұрған бейнесі бедерленген. 

Жолбарысты жалаң қолмен жыққан Тілеуке ел ішінде Қарабатыр атанған. Тарихи деректерде елді жоңғар шапқыншылығынан қорғап, құтқарған тұлғалардың бірі ретінде танымал. Дарабоз батыр 1717-1754 ші жылдары жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста ерен ерлік көрсеткен. Аласапыран жылдары қол бастап, елге қорған болған Тілеуке Бұхар жыраудың қазақ батырларын мадақтайтын әйгілі жырына арқау болған. 

Алып монументтің ашылу салтанатына 5 мыңға жуық халық жиналды. Батыр бабадан тараған ұрпақпен қатар Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан зиялы қауым өкілдері келді. Тарихшылар ғылыми еңбекпен негізделген баяндамаларын оқылды.

Қабдеш Жұмәділов Халық жаушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері:

Тілеуке мен Елшібек - Сіргелінің батырлары. Екеуі де менің «Дарабоз» романымда бар. Жоңғарларқа қарсы соғыстың батырлары.

Орынбай Рахманбердиев, мемлекет және қоғам қайраткері:

«Рухани жаңғыруда» айтады ғой. Келешекке дінімізді, ділімізді, тарихымызды қалдыруымыз керек. Мәдениетімізді қалдыру керек. Міне соның есебінен ескерткіш орнатып, тарихты жаңғыртып, ұрпаққа қалсын деген ой бар.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу