Ресейдің Красноярск өлкесінде 15 алтын қазушы қаза тапты
Ресейдің Красноярск өлкесінде 5 бөгет құлап, 15 алтын қазушы мерт болды. Тағы 4 адам жоғалғандар санатында. Нөсер жауыннан Сейба өзеніндегі ең жоғарғы бөгет жарылып, ағын су жолындағының барын шайып кеткен. 5 метрге дейін көтерілген лай мен тас аралас көшкін кеншілер лагерін де басып қалды.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу комитетінің хабарлауынша, өзендегі бөгеттер де, алтын өндіруші кеніш те заңсыз тұрғызылған. Сондықтан, қазба жұмыстарына жауапты компанияның директоры мен екі қызметкері тұтқындалды.
Ресей президенті Владимир Путин зардап шеккендерге көмек көрсетіп, елді мекендерге төнген қауіптің алдын-алуды тапсырды. Апатқа байланысты, қазанның 21-і Красноярскте қаралы күн деп жарияланған.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09