Мәскеуде заманауи қазақ әдебиетінің орыс тіліндегі антологиясы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде заманауи қазақ әдебиетінің орыс тіліндегі антологиясы таныстырылды

16.10.2019

Мәскеуде заманауи қазақ әдебиетінің орыс тіліндегі антологиясы таныстырылды. Қазақ әдебиеті жинағының орыс тіліне аудармасы мен басылымын Ресей жазушылар одағының Мәскеу қалалық бөлімшесі мен Мәскеу мемлекеттік университетінің баспасы орындады. Еңбектің тұсаукесер рәсіміне Ресей жазушылар одағының жетекшілері, аудармашылар, әдеби редакторлар мен танымал сыншылар қатысты. Жоба — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. 60 қазақстандық автордың таңдамалы шығармалары тұңғыш рет бірден әлемнің негізгі алты тіліне аударылып отыр. Жобаны жүзеге асыруға Ұлыбритания, Франция, Испания, Египет, Қытай және Ресейдің жетекші баспа ұйымдары атсалысты. Антологиялар әлемнің 90-нан аса еліне, бес құрлыққа тарайды. 20 мың дана тиражбен басылған антологиялардың орыс тіліндегі нұсқасы осы тілде сөйлейтін 14 елдің үш жарым мың кітапханасы, университеті мен ғылыми орталықтарына жеткізіледі.

Аида Балаева, ҚР Президентінің көмекшісі:

Ең бастысы әдебиетімізді үлкен оқырманға жеткізу. Ол мақсатқа жеткен сияқтымыз. Ен белгілі авторларымыз оның ішінде жас буын да бар, орта буын да бар, классиктеріміз де бар.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу