Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Түркия Президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Түркия Президентімен кездесті

15.10.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Бакуде өтіп жатқан түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің отырысы алдында тараптар екі елдің қарым-қатынасын талқылады. Түркия мен Қазақстан арасында байланыс ежелден бекем. Саяси-экономикалық, мәдени, гуманинарлық қатынас өзара достыққа негізделген. Алдағы уақытта да бауырлас елдердің алыс-берісі, барыс-келісі жандана бермек. 

Хабарламаларға жазылу