Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен кездесті

06.12.2021

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та Өзбекстан Президентімен кездесті. Елбасы ең әуелі Шавкат Мирзиеевті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, бауырлас өзбек елінің дамуында үлкен жетістіктерге қол жеткізуіне тілекші екенін білдірді. Тұңғыш Президент Одақтастық туралы декларацияға қол қою, қазақ-өзбек қарым-қатынасын нығайтудың жаңа белесі екенін атап өтті. Өз кезегінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев «Қазақстанның бүгінгі жетістігі - Тұңғыш Президенттің салиқалы саясатының арқасында» екенін әрі екі елдің стратегиялық қарым-қатынасыны нығайтуда Елбасының рөлі зор екеніне айрықша тоқталды. 30 жылдың ішінде осы достық қарым-қатынастың іргетасы бекіді. Бұрын тауар айналымы 317 млн доллар болса, бүгінде 4,5 жарым млрдтан асты деп атап өтті Өзбекстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы: 

Сайлау алдында ұсынылған «Жаңа Өзбекстан стратегиялық бағдарламасының» мақсаты мен бағыты айқын жоба. Халық мемлекеттің қандай жолмен жүріп келе жатқанын білуі тиіс. Кезінде мен де «Қазақстан-2030» бағдарламасын қолға алып, кейін Қазақстанның 2050 жылға дейін дамуы бағдарламасын алға тарттым. Мемлекет басшысы ретінде мен әркез елдеріміз арасындағы екіжақты байланысты нығайтуда баса назар аударуға басымдық бергенімді білесіздер. Бізді ортақ тарихымыз, мәдениетіміз, дәстүріміз байланыстырады. Достық қарым-қатынастың маңызы бөлек. Мен бес елдің басын экономикалық кеңес те қосқым келді. Сол үшін Орталық Азия басшыларыының консультативтік кеңесін құруды ұсындым. Осы бастаманы қолдаған сіздерге рахмет.


Хабарламаларға жазылу