Елбасы бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

23.09.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастардың ерекше достық сипатын атап өтті. Елбасы Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен де келіссөз өткізді. «Біздің қатынастарымыз саясатта да, экономикалық салада да, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықта да көпке үлгі. Біз әрі қарай да осы бағыт бойынша жұмысты жалғастыра беретінімізге сенімдімін», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоппен кездесті. Биыл екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастыққа 10 жыл толады. «Қос ел арасындағы алыс беріс пен барыс келіс жыл сайын артып келеді. Солай жалғаса беретініне де сенімдімін»,- деді Елбасы.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу