Елбасы Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

15.10.2019

Саммиттен соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен қол жеткізілген Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелеріне тоқталды. «Қазақстан мен Өзбекстан - маңызды серіктес. Өзара тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұған дейін мұндай көрсеткіштер болған емес. Бұл жақсы перспективаларға жол ашып отыр», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі елдің табысты ынтымақтастығына көбіне Қазақстанның Тұңғыш Президентінің салиқалы саясатының арқасында қол жеткізілгенін айтты.


Хабарламаларға жазылу