Экобелсенділер шеруі салдарынан Лондон Сити әуежайында бірқатар рейстер кейінге қалдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экобелсенділер шеруі салдарынан Лондон Сити әуежайында бірқатар рейстер кейінге қалдырылды

10.10.2019

Ұлыбританияда климат жанашырлары Лондон-Сити әуежайында шерулетіп, терминалдар жұмысына кедергі келтірді. Бүгін одан 18 мың жолаушы 286 рейспен қатынайды деп жоспарланған еді. Алайда, экобелсенділердің әрекетінен рейстердің біразы доғарылып, көбінің уақытын өзгертуге тура келген. Демонстранттар ұшақтарда қолданылатын жанар-жағармай ауаны ластайтындықтан, әуежайды мүлдем жабу керек деп санайды. Сондықтан олар биліктен қоршаған ортаны қорғау мақсатында түбегейлі шаралар қабылдауды талап етіп жатыр. Акция барысында полиция ғимараттың шатырына шығып, өздерін еденге таңып тастаған ондаған адамды тұтқындады.

Британияда «Жойылуға қарсы көтеріліс» деп аталатын наразылық акциясы басталғаннан бері 300-ден астам демонстрант ұсталған. Дегенмен, олар алдағы екі аптаны – «азаматтық бағынбаушылық» уақыты деп жариялап, шерулерді тоқтатпайтынын ескертіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу