Қытайдағы шеруде маска тағуға тыйым салынды
Гонконгта шеру барысында демонстранттардың маска тағуына заң жүзінде тыйым салынды. Мұндай шешім соңғы кездері қақтығыстардың өршуіне байланысты қабылданған. Осылайша, әкімшілік басшысы Кэрри Лам қаладағы жағдайдың одан бетер ушығуына жол бермейтінін білдіріп отыр.
Дегенмен, бұл шешімді құптамаған жұрт тағы шерулетіп жатыр. Демонстранттар жаңа заңға бағынбай, бетпердемен жүздерін жасыруды әрі қарай жалғастыра бермек.
Биліктің айтуынша, қазанның 5-нде күшіне енетін заңның талабын орындамағандарға қатаң шара қолданылады. Тіпті, олар түрмеге жабылуы мүмкін. Ал тұрғындар бұл жарлықты тоқтату үшін сотқа жүгінетіндерін ескертті.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАймақта 534 сайлау учаскесі жұмысын бастады
23.08.2026, 07:03
670 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
23.08.2026, 07:01
Сайлау учаскелері ашылды
23.08.2026, 06:58
Құрылтай сайлауы басталды
23.08.2026, 06:57
Құрылтай депутаттарының сайлауы басталды
23.08.2026, 06:56
170 сайлау учаскесі 6:00-де ашылды
23.08.2026, 06:55